Балқашта көпқабатты үйдің бір подъезді түгелдей опырылып кетті. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. Себебі аталған кіреберіс бұған дейін апатты деп танылып, тұрғындары алдын ала көшірілген. Қазір коммуналдық сала мен төтенше жағдайлар басқармасы мамандары үйіндіні тазалап жатыр. Ғимарат қоршалып, инженерлік желілерден ажыратылды. Әкімдік өкілдері дереу үйдің қалған бөлігіне сараптама жасалатынын мәлімдеді. Соның нәтижесі бойынша одан әрі ғимараттың қабырғасы мен іргетасы нығайтылатын болады дейді.
Руслан Сыздықов, Балқаш қаласы әкімінің орынбасары:-Оқиға тағы сағат 8:30-да болды. Бұл подъезд апатты жағдайда болған соң, адам тұрмайтын. Қазір мұнда төтенше жағдайлар басқармасынан 30 адам мен 3 техника жұмыс істеп жатыр. Барлық жұмыстар бақылауда.