Түркістан облысында білім бөлімінің 18 қызметкері сотталды

  • 593
  • 20.02.2026, 21:31

Түркістан облысының Байдібек ауданында бюджет қаражатын жүйелі түрде жымқырып келген білім бөлімінің қызметкерлері сотталды. Қаржы мониторингі агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті жүргізген тергеу барысында бөлім басшылығы мен есепшілер және экономистерді қоса алғанда 18 лауазымды тұлға жалақы мен өзге де төлемдерге арналған бюджеттік өтінімдерді негізсіз ұлғайтып отырғаны анықталды. Сөйтіп бас-аяғы 49 жалпы білім беретін мектеп қаражатын иемденіп, бас пайдасына жаратқан. Яғни бухгалтерия қызметкерлері электрондық жүйелерге әдейі жалған мәліметтер енгізіп, қаражат жалған тұлғалардың, оның ішінде туыстары мен таныстарының банктік шоттарына аударылған. Кейін ақша өзара бөлінген.

Ержан Тайжан, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі:

- Нәтижесінде мемлекетке келтірілген залал 583 млн теңгеден асты. Тергеу барысында күдіктілер келтірілген шығынды толық өтеді. Сот 14 адамды 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Тағы 4 адамға қатысты іс рақымшылыққа байланысты тоқтатылды.