Полиция жедел-іздестіру кезінде 35-39 жас аралығындағы үш ер адамды қолға түсірді. Олар алдын ала сөз байласып, тұрғын үйлердің бірін тонаған. Сөйтіп алтын бұйымдар мен гауһар тастары бар әшекейлерді және күзен тон мен ноутбукты қолды еткен. Жәбірленушіге 20 миллион теңге шығын келген. Күдіктілердің үстінен қылмыстық іс қозғалды.
Бақытжан Құдияров, Полиция департаментінің баспасөз хатшысы:
- Аса ірі көлемдегі ұрлық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта жан-жақты тергеу амалдары жүргізілуде. Полицейлер олардың өңір аумағында тіркелген өзге де ұқсас қылмыстарға қатыстылығын тексеріп жатыр.