Шымкентте қариядан күйдіргі инфекциясы анықталды

  • 9
  • 27.02.2026, 21:38

Шымкентте 75 жастағы тұрғыннан күйдіргі қоздырғышы анықталды. Қазір науқасқа қалалық инфекциялық аурухананың арнайы бөлімінде қажетті медициналық ем көрсетіліп жатыр.

Денсаулық сақтау басқармасының мамандары зертханалық талдау нәтижелерінен соң қауіпті инфекция белгілері расталғанын мәлімдеді. Бірақ алаңдауға негіз жоқ екенін айтады. Науқаста терінің зақымдануы арқылы өтетін аурудың жеңіл түрі тіркелген. Ал қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары ауру ошағы туралы ақпарат беруден бас тартты.

Еске салайық, бұған дейін қала аумағындағы індет ошақтарының санитарлық қорғауға алынбағаны белгілі болған еді. Сыртқы талдау кезінде вирус көмілген жердің қауіпсіздігіне күмән келтірілген болатын.