Астанада бір пәтерді екі рет сатқан алаяқтардың ісі сотқа жолданды. Құрылыс компаниясының қызметкерлері «Қыран» тұрғын үй кешенінің пәтерлерін қосарлана сатып, азаматтарды алдаған. Күдіктілер жылжымайтын мүлікті сату құқығын растайтын құжаттарды көрсетіп, пәтерлер мен тұрақ орындарын нарықтық бағадан төмен ұсынған. Алайда сатып алу-сату шартының орнына мемлекеттік тіркеуге жатпайтын броньдау және кепілақы келісімдері рәсімделген. Алданған тұрғындар қаржыны күдіктілердің жеке шоттарына аударып немесе қолма-қол тапсырған.
Динара Тукеева, Астана қаласы прокурорының көмекшісі:
-Компания қызметкерлерінің қылмыстық әрекеттерінің нәтижесінде келтірілген шығын мөлшері 8 млрд теңгеден асты. Соттың санкциясымен жалпы сомасы 7,4 теңге млрд теңгені құрайтын жылжымайтын және жылжымалы мүлікке тыйым салынды. Үш күдіктіге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы, төртіншісіне кепіл қолданылды. Қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін сотқа жіберілді.