Шұғыл ақпарат! Семей қаласындағы ойын-сауық орталығында өрт болып жатыр. Оқиға орнындағы ахуалды жеткізсеңіз. Адамдар аман ба?
Рүстем Қайратұлы, тілші:
- Әкімшілік өкілдерінің айтуынша, адамдар өздігімен эвакуацияланған. Оқиға орнына хабарлама түскен бойда 6 минут ішінде өртсөндірушілер жеткен. Қазір барлық күштік құрылымдар қызыл жалынды ауыздықтауға күш салып жатыр. Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, өрт өршіп, ғимараттың шатыры ішінара құлаған. Өртсөндіру бойынша жедел штаб құрылды. Судың үздіксіз берілуі қамтамасыз етілді. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Өртті сөндіру жалғасуда.