Ол алты жастағы ерекше қажеттілігі бар балаға қатыгездік көрсетті деген күдікке ілінді.
Жанжал әлеуметтік желілерде ер адамның балаға күш қолданғаны бейнеленген видео тарағаннан кейін ушықты. Оқиға қоғамда кең талқыға түсті. Полиция қылмыстық іс қозғап, күдіктіні ұстады. Қазіргі уақытта тергеушілер бейнебақылау камераларының жазбаларын зерделеп, куәлардан жауап алуда.