Ақтөбеде портативті электр қуаты көзі жарылып, баспана отқа оранған. Тимур Майрумбаев: «Өз қолымен тұрғызған үйде үш қыстап үлгердім», - дейді.
Өрттің салдарынан шатыры опырылып түскен ғимаратты түгел сүріп, қайта тұрғызу қажет. Себебі қабырғасына дейін ыс сіңген. Үй иесі оқыс оқиға болар алдында «тарс» еткен дыбыс естілгенін айтады. Кейін жалын шығып, үйді қою түтін басқан. Әкесі мен екі ұлын әрең шығарып, өртсөндірушілерді шақырған.
Тимур Майрумбаев, қала тұрғыны:
- Өрт шкафтан басталды. Жалын бірден төбеге көтерілді. Басқа себеп жоқ деп ойлаймын, өйткені шкафтың ішінде жанатын ештеңе болмаған. Үйде міндетті түрде өрт сөндіргіш болуы керек. Егер өрт сөндіргіш болғанда, бәлкім, мұндай жағдай болмас еді, өртті дер кезінде сөндіріп үлгерер едік.