Маңғыстаудағы «Маңғыстауда Солтүстік-Шығыс Қаратұрын» кен орнында екі тәуліктен бері газ-су қоспасы атқылап жатыр. Төтенше жағдай қызметкерлері апаттың бетін қайтару үшін дайындық жұмыстарын жүргізуде.
Белгілі болғандай, мердігер компания жұмысшылары ұңғымалардың бірін бұрғылау кезінде ауаға газ-су қоспасы атқылаған. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Кен орнында өрт болмаған. Қазір апаттың нақты неден болғаны анықталу үстінде.
Айта кетсек, 2023 жылы «Оңтүстік Қаратұрын» кен орнында мұнай ұңғымасы өртеніп, қызыл жалынмен күресу бірнеше айға созылған еді.