Дәмханадағы жарылыс: 11 адам қаза тапты

  • 9
  • 09.03.2026, 21:37

Ақмола облысының Щучинск қаласындағы дәмханада болған жарылыстан зардап шеккен тағы екі адам көз жұмды. Бұл туралы өңірлік денсаулық сақтау басқармасы хабарлады. Таратылған ақпаратқа сәйкес, дәрігерлер бар күшін салғанымен, науқастарды аман алып қалу мүмкін болмапты. Мамандар олардың жағдайы өте ауыр болғанын айтады. Ақхалаттылар қазір басқа зардап шеккендердің өмірі үшін күресіп жатыр. Еске сала кетейік, палау орталығындағы төтенше жағдай 26 ақпанда болған еді. Бес қабатты тұрғын үйге жапсарлас салынған дәмханада газ ауа қоспасы жарылып, артынша өрт шыққан. Алғашында 7 адамның қаза тапқаны айтылған. Өткен аптада жараланғандар арасында екі адам көз жұмды. Жалпы қаза тапқандар саны 11-ге жетті. Дәмхана иесі қамауға алынып, қылмыстық іс қозғалған.