Атырау облысында жоғалған отбасы мүшелерінің мәйіті табылды

  • 18
  • 10.03.2026, 21:34

Атырау облысы Жангелдин ауылында жоғалған отбасының мүшелері Мейрамгүл Қарабалина мен Наурыз Мұқанғалиевтің мәйіті табылды. Олардың денесі облыс орталығындағы үйлердің ауласына көмілген. Кеше осы қылмысқа қатысы бар күдікті Сұлтан Сәрсемәлиев пен оның бұрынғы әйелі Ақбаян Мұқанғалиева Атырауға жеткізілген еді. Күдікті кінәсін мойындап, екі адамның денесін қайда көмгенін және төрт адамды өлтіруге ұзақ уақытқа созылған тұрмыстық жанжал себеп болғанын айтқан. Қазір отбасының кіші қызы, яғни Ақбаян Мұқанғалиеваның қылмысқа қатысы бар-жоғы тексерілуде. Оның психикалық жағдайына сот-психиатриялық сараптама жүргізу үшін, медициналық мекемеге жіберілген. Еске салайық, 2025 жылдың желтоқсан айында полицияға 66 жастағы ер адамның, 64 жастағы әйелдің және олардың балалары, 32 жастағы ұлы мен 35 жастағы қызының хабар-ошарсыз кеткені туралы хабарлама түскен. Кейін ерлі-зайыптылардың мәйіті ауласындағы сарайдан табылғанын айтқан едік. Қазір тергеу «екі және одан да көп адамды өлтіру» бабы бойынша жүргізіліп жатыр.

Қанат Нұрмағамбетов, ҚР ІІМ Криминалдық Полиция департаментінің бастығы:

-ІІМ Индонезия Республикасыныі әріптестерімен бірлесе отырып, Атырау облысында отбасыны өлтірген күдікті ұстады. Ол Қазақстанға жеткізіліп, қамауға алынды. Жедел тергеу іс-шаралары нәтижесінде қаза тапқандардың мәйіттері табылды. Күдікті кінәсін толық мойындады. Қылмыстық іс «екі немесе одан да көп адамдарды өлтіру» бабы бойынша жүргізілуде. Тергеу барысындағы басқа да деректер жария етілмейді.