Оқиға кеше кешкі сағат сегіз шамасында қоғамдық көлікте болған. Куәгерлердің айтуынша, жолаушы мен жүргізуші арасында жанжал туындап, соңы төбелеске ұласқан. Сол сәтте 40 жастағы ер адам 59 жастағы жүргізушіге пышақ жарақатын салған. Жүргізуші жедел жәрдем бригадасымен қалалық көпсалалы ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлердің айтуынша, соққы жүрекке өте жақын жерге тиген. Оқиға орнына жедел жеткен полиция қызметкерлері күдіктіні ұстап, қамауға алды. Қазір аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Нұржан Әбраимов, қалалық көпбейінді арухананың бөлім басшысы:
-Түскен науқас кешкі мезгілде келген. Пышақталған өкпе жағына. Оған жарақат пунктінде ревизиялық шара қолданады. Хирургпен травмотолог көріп науқастың жағдайы ауыр емес. Біз айтқандай первичный хирургический обработка жасалып, науқас үйіне жіберілген.
Байжан Байгелді, Жамбыл облысы ПД бастығының орынбасары:
-Аталған дерек бойынша ҚР қылмыстық коддексінің 293-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті ізін суытпай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Айғақ зат бәкі тәркіленіп алынды.