«Астана–Қарағанды» тасжолында 7 көлік соқтығысты

  • 16
  • 10.03.2026, 21:43

Астана-Қарағанды тасжолында Ошағанды елдімекенінің маңында 7 көлік соқтығысқан. Салдарынан бір адам көз жұмды. Тағы бір жолаушыға медициналық көмек көрсетілді. Қарға адым жер көрінбейтін ақтүтек боранда жүргізушілер алдындағы көліктерді байқамай қалған. Негізі күн райының нашарлауына байланысты жол қозғалысына шектеу қойылған.

Бақытжан Құдияров, Полиция департаментінің баспасөз хатшысы:

- Апатқа ауа райының нашарлауы мен боран, қатты жел себеп болған. Аталған көлік құралдары жол қозғалысына шектеулер енгізілгенге дейін жолға шыққаны белгілі болды. Қазіргі уақытта оқиға орыннда полиция қызметкерлері, ТЖД-нің бөлімшелері және жедел жәрдем бригадасы жұмыс істеуде. Қажетті тергеу амалдары басталды.