760 адам қар құрсауынан құтқарылды

  • 8
  • 11.03.2026, 21:55

Арқада күн қақап тұр. Қатты аяз, қарлы боранға ұласты. Бүгін елордада мектеп оқушылары қашықтан оқыды. Колледждердің 1-2 курс студенттері де онлайн қосылды. Құтқарушылар күшейтілген жұмыс кестесіне көшіп, жолда қалған жолаушыларға көмек қолын созып жатыр. Кейінгі тәулікте 760 адам қар құрсауынан құтқарылды. Оның ішінде 36 бала эвакуацияланды. Сондай-ақ қарда тұрып қалған 50 көлік шығарылды. Төтенше жағдайлар министрлігі қолайсыз күн райында алыс сапарға шықпауға шақырады.