Атыраудағы қанды қылмысқа қатысты тың деректер белгілі болды. Наурыз Мұқанғалиев пен Мейрамгүл Қарабалинаның денесінен үшкір заттың іздері байқалған.
Бұл туралы облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Құттыбай Садықов мәлімдеді. «Марқұмдардың нақты неден және қашан өлгені арнайы сараптамадан кейін белгілі болады»,- дейді ол.
Құттыбай Садықов, облыстық ПД бастығының бірінші орынбасары:
- Қазіргі таңда алдын ала үшкір заттың жарақаттары бар. Алайда экспертиза тағайындалды, қорытындысын аламыз. Нақты жауабын береміз. Тергеу амалдары біткеннен кейін нақты жауап береміз.