Ақмола облысында 54 жастағы ер адам өзінің 26 жастағы ұлымен бірге есірткі зертханасын ұйымдастырған. Полиция қызметкерлері оларды ұстап, тыйым салынған заттарды тәркіледі. Соның ішінде 200 келі мефедрон, 2 тоннадан астам прекурсор, химиялық реактор және түрлі жабдықтар бар. Еліткіш заттардың көлемі 600 мың дозаға тең. Айта кету керек, прекурсор басқа өңірлерге де жеткізілмек болған.