Көлік министрлігі жол ақысы ережесіне өзгерістер енгізді

  • 8
  • 17.03.2026, 21:35

Енді жүргізушілер ақылы жолмен өткен күннен бастап бір ай ішінде ешқандай айыппұлсыз төлем жасай алады. Бұған дейін жеті күн ішінде ақысы төленбесе, сегізінші күннен бастап материалдар бірден көліктік бақылау органдарына жолданып, әкімшілік жауапқа тартылатын. Көлік министрлігі жүру ақысын төлеу тәртібіне өзгерістер енгізді. Жаңа тәртіп бойынша жеке тұлға жол ақысын 30 күн ішінде төлемесе ғана, 31-күні құжаттар құзырлы органдарға жіберіледі. Сонымен қатар жаңа ереже жеке және заңды тұлғалар үшін бөлек тәртіп енгізеді. Заңды тұлғалар жол ақысын есепті айдан кейінгі айдың 20-сына дейін төлеуі тиіс. Уақытында төленбеген жағдайда келесі күні материалдар көліктік бақылауға беріледі.