Алматыда қоғам белсендісі Санжар Боқаев ұсталды. Бұл туралы бас прокуратура ақпарат таратты. Тергеу мәліметіне сәйкес, ол әлеуметтік желілерде қоғамдық саябақтарда ағаштарды заңсыз кесу және құрылыс нысандарынан мүлік ұрлау туралы бейнематериалдар таратып, қоғамда теріс пікір қалыптастыруға әрекет жасаған деп күдікке ілінген. Аталған қылмыстарды ұйымдастырып, қаржыландырған. Әрі табысы төмен адамдарға ақшалай сыйақы беріп, ағаш кесу мен ұрлық жасауға тапсырма берген. Сонымен қатар аса ірі мөлшерде қаржы қаражатын алаяқтық жолмен жымқырды деген күдік бар.