Есірткіге қарсы күрес: 40 адам ұсталды

  • 12
  • 18.03.2026, 21:37

Трансұлттық есірткі схемасы әшкереленіп, 40 адам ұсталды. Мұндай ауқымды операцияны Ішкі істер министрлігі шет мемлекеттердің құқық қорғау органдарымен бірлесіп жүргізген. Ұйымдастырушылар шетелде отырып, интернет-ресурстар арқылы «жалақысы жоғары жұмыс» туралы жарнама таратқан. Заңды жұмыстың атын жамылып, азаматтарды заңсыз есірткі айналымына тартқан. Олар орындаушыларға арнайы колл-орталықтар арқылы нұсқау беріп отырған. Еліміздің 11 өңірінде Қазақстанның 40 азаматы ұсталды. Есірткі таратуға қатысы бар деген 11 адам қамауға алынды. Одан бөлек, тағы 9 адам есірткі тұтынғаны үшін жауапқа тартылды.