Семейде жасанды интеллект көмегімен жалған сурет жасаған тұрғын жауапқа тартылды. Ол өзі жұмыс істейтін ғимаратты су алып кеткенін айтып нысан иесіне фото жолдаған. Суретке сенген цех иесі алаңдап, дереу колл-орталыққа хабарласып, бірнеше қызметтің уақыты мен күші негізсіз жұмсалған. Тексеру кезінде фотоматериалдардың жасанды интеллект арқылы жасалғаны дәлелденді. Жалған ақпарат таратқан 27 жастағы азаматқа айыппұл салынды. Тәртіп сақшылары мұндай әрекеттердің салдары ауыр болуы мүмкін екенін ескертеді.