Жүргізуші куәлігін рәсімдеу үшін пара алғандар әшкереленді

  • 9
  • 19.03.2026, 21:37

Ұлттық қауіпсіздік комитеті мұндай деректерді Астана қаласында, Ақмола және Павлодар облыстарында анықтаған. Мәселен, елордада Халыққа қызмет көрсету орталығы басшысының бұрынғы орынбасары жүргізуші куәлігін рәсімдеу үшін жүйелі түрде пара алып келген. Ал Көкшетау мен Екібастұзда жауапты тұлғалар емтиханды басқа адамдарға тапсыртқан. Жалпы сомасы 100 млн теңгеден асатын 60-тан астам дерек тіркелді.