Абай облысындағы Орлов шахтасында 2 кенші газдан уланды. Жұмысшылардың бірі ауруханаға барар жолда қайтыс болды. Екіншісіне медициналық көмек көрсетілді.
Оқыс оқиға сағат 10:40-та тіркелді. Қазір қайғылы оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр. Компанияның басқарма төрағасы Андрей Третьяков тергеу жұмыстарына қатысады. Марқұмның отбасына қажетті көмек көрсетіледі