Экстремистік қылмыс үшін 17 адам сотталды

  • 5
  • 20.03.2026, 21:52

Биыл жыл басынан бері террористік және экстремистік қылмыстар жасағаны үшін 17 адам сотталды. Оларға әр түрлі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің дерегінше айыпталушылардың бірі шетелде халықаралық террористік ұйымдардың ұрыс қимылдарына қатысқан. Тағы бір азамат интернетте терроризм мен діни экстремизм идеяларын насихаттаған. Қазірге дейін Астана, Алматы мен Шымкент қалаларында, Ақмола және Ұлытау облыстарында террористік қылмыс жасаған 6 діни радикал ұсталыпты. Сонымен қатар бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан тағы 4 адам күдікке ілінген. Оларға сотталғандар арасында терроризмді насихаттады және діни алауыздықты қоздырды деген айып тағылған.