Табиғат қорғау инспекторлары Сайын Шапағатов ауылындағы жағажайдан 11 қанаттыны кезіктірген. Құс өлекселері ашық ауада ұзақ уақыт жатқан болуы мүмкін деген болжам бар. Ветеринариялық сынама алуға жарамсыз болғандықтан, олар арнайы полигонда жойылды.
Түпқараған ауданына қарасты Ақшұқыр, Сайын Шапағатов елді мекендері мен Ақтау қаласында теңіз жағалауында мониторинг жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Экологтар теңіз суынан сынама алған, оның нәтижесі алдағы күндері белгілі болмақ.
Айта кетсек, қазір Қаракөл көлінде жүзге жуық қызғылт қоқиқаз бен 150-ден астам аққу мекендейді. Мамандардың дерегінше, биыл жасанды көлде құстардың жаппай қырылу дерегі тіркелмеген.
Ербол Әлібеков, облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бас маманы:
- Мұндай жағдай жыл сайын миграция кезінде кездеседі. Былай негізінде қорқатын ештеңе жоқ. Әлсіреп қалуы мүмкін деген жағдайлар да кездеседі. Сондықтан уайымдайтын ештеңе жоқ, құсттардың жаппай өлімі тіркелген жоқ.