Батыс Қазақстан облысында көлік жолдарын су басқан 10 оқиға тіркелді. Оның 9-ы аудандық, біреуі облыстық маңыздағы жолдар. Ал кеше Теректі ауданы Аңқаты ауылына қарасты Қандық ауылына барар жолды су жырып кеткен. 250-дей тұрғыны бар елді мекен бір тәулік көлік қатынасынсыз қалған. Бүгін су шайған жол жөнделіп, қозғалыс қалпына келтірілді. «Осымен өңірдегі тасқын қаупі толық сейілді»,- дейді мамандар. Облыс аумағында қазір қар еріп бітті. Өзендердің арнасынан асу фактісі тіркелмепті. Тіпті көпшілігінде су мүлде көтерілмеген.
Нұралы Мусиев, БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің басқарма басшысы:
-Қазіргі таңда облыс аумағында 19% жерде қар сақталуда. Бұл жаңағы сай-салалаларда қалған қар. Қардың биіктігі 2 см аспайды. Тонның қатуы қазіргі таңда мына облысымыздың солтүстік аудандарында 30 см жоғары, 30-40 см айналасында. Жалпы жағдай бақылауда, департамент базасында тәулік бойы жедел жасап, жұмыс атқаруда.