Шымкентте жекеменшік дәріханалар жанындағы егу кабинеттерінде ем алған 4 адам көз жұмды. Бұл туралы Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті департаментінің өкілдері хабарлады.
Былтыр медициналық қызмет сапасына жүргізілген тексеріс нәтижесінде 331 хаттама толтырылып, жалпы сомасы 40 миллион теңгеден астам айыппұл салынған. Осыған байланысты 12 егу кабинеті жабылды. Сала мамандары дәріханалар мен егу кабинеттеріне жоспардан тыс бақылау күшейтілетінін мәлімдеді.
Полат Бердалиев, қалалық Медицина және фармацевтикалық бақылау департаменті басшысының орынбасары:
- 126 жағдайда емнің сапасына тұтынушылық тарапынан арыз-шағымдар келіп түскен. Одан бөлек, дәрі-дәрмек пен медициналық мақсатта қолданылатын бұйымдардың толық қамтылмау жағдайы бойынша 62 өтініш қаралды.