Ақтөбе облысында 10 жастағы бала жоғалды

  • 11
  • 31.03.2026, 21:37

Ақтөбе облысының Мәртөк ауданында 10 жастағы бала жоғалып кетті. Жеткіншекті іздеу жұмыстары үшінші тәулікке ұласқан. Оқушы Сарыжар ауылынан 5 шақырым жердегі Елек өзені маңында із-түссіз жоғалған. Құтқарушылар іздеу жұмысына 3 сүңгуір тобын жұмылдырып, шамамен 550 метр акваторияны тексерді. Сонымен қатар қайыққа мінген мамандар Саржансай ауылына дейінгі 45 шақырымға жуық өзен аумағы қарап шықты. Іздеу жұмыстарына құтқарушылармен қатар полицейлер, еріктілер мен ауыл тұрғындары атсалысып жатыр. Шамамен 90 адам, 30-дан астам техника, 6 ұшқышсыз ұшу аппараты және тікұшақ жұмылдырылды.

Екатерина Голотина, волонтёрлер тобының жетекшісі:

-Құтқарушылар негізінен өзенді шолып жатыр. Біздер жағасын барлап жүрміз. Бүгін де іздестіру тобы шығып, іздеу жұмыстарына қосылады. Өзен ағысының қарқынды болуы және судың лай болғаны қиындық тудырып отыр.