Батыс Қазақстан облысында алаяқтық ақшаны дропперлер арқылы айналымға шығару схемасы әшкереленді. Тергеу дерегінше, күдікті бөтен адамдардың банк шоттарын пайдаланып, заңсыз табысты қолма-қол ақшаға айналдырып отырған. Бұл іске бірнеше адамды тартып, әрқайсысына 200-ден 350 АҚШ долларына дейін сыйақы төлеген. Істі ашуға Орал қаласының студенті атсалысты. Алғашқыда дроппер болған ол, шотында болып жатқан әрекеттердің заңсыз екенін түсініп, құқық қорғау органдарына жүгінген.
Ернар Тайжан, ҚР ҚМА ресми өкілі:
-Схема ұйымдастырушысы қамауға алынды. Ал оның 6 сыбайласына қатысты кепіл және үйден шықпай бұлтартпау шаралары қолданылды. Іс сотқа жолданды.