Жамбыл облысында автомобиль жолдарын күтіп ұстау жұмыстарына салғырт қараған 131 лауазымды тұлға жауапқа тартылды. Оларға 7 миллион теңгеден аса айыппұл салынған. Жол-техникалық инспекциясы жыл басынан бері 8 мың шақырымнан асатын автожолды тексеріп, 5 мыңға жуық кемшілікті анықтаған. Жол ұйымдары мен жергілікті атқарушы органдарға 1 мыңнан астам нұсқама жолдаған. Алайда талапқа құлақ аспайтын қызметкерлердің аз еместігі белгілі болды. Олардың қатарында жолға жауапты қалалық және аудан бөлімдерінің басшылары, ауыл әкімдері де бар. Мердігер құрылыс компаниялары да айыппұл арқалаған.
Ержан Мананбаев, облыстық ПД Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары:
-Анықталған кемшіліктеріді жою мақсатында тиісті органдарға 397 ақпараттық хат жолданды. Жолдардың қанағаттанарлықсыз жай-күйі және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша міндеттерді орындаманғаны үшін облыста 131 лауазымды тұлға 7 млн-нан астам соммаға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.