Түркістан облысында әкесіне қол көтерген азаматқа сот үкімі күшейтілді

  • 7
  • 01.04.2026, 21:43

Түркістан облысында дәрменсіз әкесіне қол көтеріп, қоғамның ашуын туғызған азаматқа қатысты апелляциялық сот шешімі шықты. Өздігінен жүре алмайтын қарияны қорлаған 41 жастағы Алмас Садақбаев қаңтар айында 5 жылға сотталған еді. Алайда ол сот шешімімен келіспей, жазасын жеңілдетуді сұрап, апелляциялық сотқа жүгінген болатын. Фемида өкілдері істі қайта қарап, сотталушының әрекетін аса ауыр қылмыс деп бағалады. Сот алқасы жазасы жеңілдеудің орнына, керісінше қатаңдатты. Қорғансыз қарияға көрсетілген қатігездікті ескере отырып, бұрынғы жазаға тағы 1 жыл қосты. Осылайша, әкесін қорлаған ер адам түпкілікті 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Айта кетейік, Алмас Садақбаев 70 жастағы науқас әкесін 2020 жылдан бері ұрып-соғып келген. Салдарынан жәбірленушінің денсаулығы тіпті нашарлап, кейін сырқатынан көз жұмған болатын.