Жәрдемақыны заңсыз көбейткен бухгалтер сотталды

  • 11
  • 02.04.2026, 21:37

Жүкті әйелдердің жәрдемақысын заңсыз көбейту дерегі Ақтауда анықталды. Алаяқтық іс бойынша сот үкімі шықты. Бухгалтер өзінің кәсіби білімін пайдаланып, әлеуметтік төлемдерді заңсыз алу схемасын ұйымдастырған. Ол Instagram желісі арқылы өзін маман ретінде таныстырып, жәрдемақыны көбейтіп беруге уәде еткен. Жоспар бойынша туыстары мен таныстарының атына жалған жеке кәсіпкерлер тіркеліп, олардың электрондық қолтаңбалары пайдаланылған. Жалған жұмысқа қабылдау бұйрықтары мен еңбек шарттары жасалып, шынайы еңбек қатынастары бардай көрініс қалыптастырылған. Осылайша мемлекеттен негізсіз жоғары мөлшерде төлемдер алынған.

Ернар Тайжан, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі:

-Нәтижесінде мемлекетке 146 млн теңге көлемінде залал келтірілген. Қылмыстық жолмен алынған қаражатқа үш бөлмелі пәтер сатып алынып, тергеу барысында оған тыйым салынды. Сот үкімімен оған 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Пәтер мемлекет кірісіне тәркіленді.