Семейде адам саудалаған әйел сотталды

  • 10
  • 02.04.2026, 21:43

Семей қаласында көпбалалы ана, «Күміс алқа» иегері адам саудасымен айналысқаны үшін сотталды. Тергеу деректеріне сәйкес, ол базарлар мен теміржол вокзалдарынан әлеуметтік жағдайы нашар азаматтарды тауып, олардың сеніміне кірген. Кейін әртүрлі шаруа қожалықтарына 100 мыңнан 400 мың теңгеге дейін сатып отырған. Сот барысында белгілі болғандай, кейбір жағдайларда айыпталушы жәбірленушілерге қысым көрсетіп, олардың еркін жүріп-тұруына шектеу қойған. Сотта күдікті өз кінәсін толық мойындап, келтірілген шығынды өтеген. Жәбірленушілердің бірқатары оны кешіріп, қатаң жаза тағайындамауды сұраған. Сот қылмыстың ауырлығын ескеріп, алты жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.