ІІМ алаяқтардың call-орталықтар желісін жойды

  • 12
  • 02.04.2026, 21:46

Ішкі істер министрлігі Қазақстан азаматтары мен шетелдіктерге қарсы әрекет еткен алаяқтардың Украинадағы call-орталықтар желісін жойды. Сондай-ақ елімізде таралып жатқан алаяқтықтың жаңа түрініне сақ болу керегін хабарлады. Қаскүнемдер өздерін компаниялардың, мемлекеттік органдардың және жоғары оқу орындарының басшылары ретінде таныстырып, қызметкерлерге хабарласады. Деректердің таралуы немесе қаржының жоғалу қаупін алға тартып, жедел шешім қабылдауды талап етеді. Одан кейін құқыққорғау органы қызметкері ретінде басқа адамдар хабарласып, олардың айтқанын бұлжытпай орындауды сұрайды. Осылайша азаматтарды алдап, ақшасын қауіпсіз шоттарға аудартуға мәжбүрлейді. Қаражатты қолды қылған соң, байланыс үзіледі. Сондықтан Ішкі істер министрлігі банк қызметкерлері мен мемлекеттік орган өкілдері телефон арқылы ақша аударуды талап етпейтінін ескертеді.