Алматыда «STOP бұзушылық» ауқымды операциясы басталды

  • 12
  • 02.04.2026, 21:50

Алматыда Әл-Фараби даңғылындағы жол-көлік оқиғасынан кейін ауқымды операция жүріп жатыр. «STOP бұзушылық» операциясы 10 сәуірге дейін жалғасады. Оған Астана қаласы, Ақмола, Қарағанды мен Жамбыл облыстарынан қосымша күштер тартылды. Өзге облыстардан ұзын саны 20 экипаж жиналды. Мақсат – құқықбұзушылықтардың алдын алу және жол қауіпсіздігін күшейту. «Саптық жиын күшейтілген режимде қызмет атқаруға дайындықты пысықтауға мүмкіндік береді»,- дейді Полиция департаментінің басшылығы.