Жақсылық Омарға үкім шығарылды

  • 104
  • 03.04.2026, 21:37

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Жақсылық Омар 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот экс-шенеунікті ірі көлемдегі алаяқтық және пара алу ісі бойынша айыпты деп тапты. Атышулы іс екі эпизодтан тұрды. Алғашқысы, Жақсылық Омар Өскемен қаласын 6 жыл басқарған кезде алаяқтық жолмен қымбат автокөлікті иемденіп, оны үшінші тұлғаның атына қайта рәсімдеген. Кейін сол көлікті соңғы үлгіге ауыстырған. Екіншіден, Жақсылық Омар облыс әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарған уақытта қала әкімдігінің қызметкерінен 20 миллион теңге талап еткен. Сотта Жақсылық Омар кінәсін мойындады.

Ляйля Ақалаева, қалалық Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы:

-Жақсылық Омарға алты жыл бас бостандығынан айыру жазасын беру және оның мүлігін Toyota Camry маркалы автокөлігін тәркілеу, сонымен қатар өмір бойына мемлекеттік қызмет атқару құқығынан айыру туралы үкім шығарылды.