Павлодар облысында жаңа туған сәбиді сатпақ болғандар ұсталды

  • 53
  • 03.04.2026, 21:43

Павлодар облысында тәртіп сақшылары жаңа туған сәбиді сатпақ болғандарды ұстады. Түркістан облысында тұратын 23 жастағы жүкті әйел босану күні таяғанда әлеуметтік желі арқылы болашақ сәбиін сатып алатын адам іздеген. Ал бала дүниеге келгеннен кейін оны үшінші тарапқа табыстамақ болған. Полиция өкілдері әйелді қылмыстық пиғылын жүзеге асырып жатқан жерінен ұстады.

Алмаз Түкенов, облыстық ПД бастығының бірінші орынбасары:

-Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторында қамалды. Жаңа туған қыз бала дәрігерлердің бақылауында, оның өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ, тергеу барысында болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Соңғы құқықтық баға заңға сәйкес беріледі.