Көкшетауда алаяқтарға алданған зейнеткер баспанасынан айырылды

  • 16
  • 03.04.2026, 21:43

Көкшетауда интернет алаяқтарға алданған 85 жастағы зейнеткер баспанасынан айырылды. Оған қоса депозиттегі бүкіл ақшасын да шешіп берген. Келтірілген шығын көлемі 13 миллион теңгеден асады. Алдымен алаяқтар жәбірленушіге әділет органдарының қызметкері болып хабарласқан. Оның атынан шетелге ақша аударымдары жасалып жатқанын айтып, жедел құжаттарын рәсімдеуге көндірген. Алаяқтардың сөзіне сеніп қалған зейнеткер депозитіндегі 3 миллион 400 мың теңгені тасымалдаушымен беріп жіберген. Оған қоса, айлакерлер қарияның тұрғылықты баспанасын да сатқызып, 10 миллион теңгеге жуық қаржысын қолды қылған. Қазір осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Райымбек Дүйсенбаев, Ақмола облыстық ПД басқарма бастығының орынбасары:

-Қазіргі таңда Көкшетау қаласында 75 жастағы тұрғын курьер ұсталды. Дроппер ретінде. Одан бүкіл тергеу әрекеттері онымен жүргізілді. Жауап алынды. Қазіргі уақытта бүкіл тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Жыл басынан бізде 179 факт интернет алаяқтық тіркелді. Шығын көлемі 203 млн.теңгені құрады. Оның 16 млн.теңге қайтарылды.