Атыраулық оқушы жол апатынан қаза тапты

  • 132
  • 06.04.2026, 21:33

Атырауда жаяу жүргіншілер жолағымен өтіп бара жатқан 7 жастағы оқушыны көлік қағып кетті. Жедел жәрдем көлігі келгенше бала алған дене жарақаты салдарынан көз жұмды. Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға бүгін таңертеңгі сағат 7:45 шамасында болған. Қазір жүргізушіге қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тәртіп сақшылары көлік тізгіндеген азаматтарға аса абай болуға кеңес береді.

Мейірім Ердәулет облыстық ПД баспасөз хатшысы:

- Аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркеліп, тергеу жүргізілуде. ПД жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, әсіресе жаяу жүргіншілер өткелдерінде жылдамдықты төмендетіп, аса мұқият болуға шақырады. Ата-аналарға балалардың жолдағы қауіпсіздігін қатаң бақылауда ұстау қажеттігін ескертеді.