Алматыда тұрғындарға тас лақтырып, таяқ ала жүгірген шетелдік жасөспірімдер елден шығарылды. Сот шешімімен олар Қазақстан аумағынан мәжбүрлі түрде депортацияланды. Оған қоса, қайта кіруге тыйым салынды. Жасөспірімдердің Тәжікстан заматтары екені анықталған. Еске сала кетейік, қыздардың көшеде кісілерге тап берген түсірілімі бірнеше күн бұрын әлеуметтік желіде тараған еді. Полицияның тексеру жүргізуіне осы бейнематериалдар негіз болған. Онда бірнеше жасөспірімнің агрессивті әрі әдепсіз әрекеттері бейнеленген. Жедел шаралардың нәтижесінде бұзақылық жасағандар анықталып, бейімдеу орталығына орналастырылған. Ал олардың заңды өкілдері бала тәрбиесіне қатысты міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.