Әсері күшті дәрілерді заңсыз сату бойынша 16 қылмыстық іс тіркелді. Оның 13-і дәріхана қызметкеріне қатысты. Ішкі істер министрлігі «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында бақылауды күшейтіп, бірқатар заң бұзушылықты анықтады. Тексеру жұмыстары мыңнан астам медициналық мекеме мен 300-ге жуық кәсіпорынды қамтыған. Нәтижесінде 200-ден аса әкімшілік құқық бұзу дерегі анықталды. Заңсыз айналымнан 500 мыңнан астам дәрі-дәрмек пен 1,5 мың тонна прекурсор шығарылды. Сондай-ақ 73 кәсіпорын басшысы жауапкершілікке тартылып, 136 медицина қызметкеріне қатысты материалдар жиналды. Құзырлы органдар бұл бағыттағы бақылау алдағы уақытта да жалғасатынын мәлімдеді.
Данияр Мейірхан, ҚР ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің төрағасы:
-Алматыда рецептісіз дәрі сатқан төрт дәріхананың фармацевттеріне қатысты қылмыстық істер қозғалды. Ақтөбеде ірі фармацевтикалық мекемеге қатысты іс қозғалып, 400 мың дәрі тәркіленді. Түркістан облысында 100 тонна күкірт қышқылы арнайы күзетсіз тасымалданған. Абай облысында 680 тонна прекурсорды тасымалдау ережесі бұзылған.