Алматыда 3 адамның өліміне себеп болған жол-көлік оқиғасына қатысты күдікті тергеу изоляторына қамалды. Бұған дейін ауруханада жатқан ZEEKR автокөлігі жүргізушісінің жанына күзетші қойылған еді. Жағдайы жақсарған соң, соттың шешімімен тергеу изоляторына ауыстырылды. «Енді ол іс аяқталғанға дейін тергеу изоляторында отырады»,- дейді Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі. Еске сала кетейік, Әл-Фараби даңғылындағы жантүршігерлік жол апаты 21 наурызға қараған түні болды. Тергеу мәліметінше, ZEEKR жүргізушісі жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, соның салдарынан ауыр соқтығыс болған. Тергеу жалғасуда, жол апатының мән-жайы анықталып жатыр.