Павлодар облысында дәрігерді ұрғандар қамауға алынды

  • 11
  • 16.04.2026, 21:34

Павлодар облысында медицина қызметкерлеріне күш қолданғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Олардың біреуі алған жарақатына байланысты ауруханаға жатқызылып, полицияның бақылауына алынған.

Оқиға 12 сәуір күні Екібастұз қаласында болған қалалық аурухананың жарақаттану пунктіне медициналық көмекке жүгінген жергілікті тұрғын өзімен бірге мас күйдегі екі танысын ертіп келіпті. Олар өздерін әдепсіз ұстап, дәрігердің ескертуіне құлақ аспайды. Артынан медицина қызметкеріне күш қолданып, соққыға жығады. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. 

Асылбек Қайроллаев, Екібастұз қаласы ПБ бастығының орынбасары:

- Бөлмеден шығудан бас тартқан жастар дәрігерге соққы жасаған. Жағдайға араласуға тырысқан медбике де дене жарақатын алған. Қазіргі уақытта екі медицина қызметкері жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды. Оқиға орнына жедел жеткен полиция қызметкерлері күдіктілердің үшеуін де ұстап қылмыстық іс қозғады.