Атырау қалалық полиция басқармасының бастығы қамауға алынды

  • 12
  • 16.04.2026, 21:36

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, жүргізілген жоспарлы қызметтік тексеріс кезінде бірқатар заңсыз әрекеттер анықталған. Қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталды. Ол қызметінен босатылып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу мүддесіне сәйкес өзге мәлімет жария етілмейді.