Шымкентте алма бағына бөлінген 430 миллион теңге жымқырылған. Қаржы мониторингі агенттігі тергеуді аяқтап, істі сотқа жолдады.
Күдікке ілінген – «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының» бұрынғы төрағасы. Тергеу нұсқасына сай, ол сенімді тұлғаларына тіркелген компанияларды тартып, қаражатты заңсыз иемдену схемасын құрған. Сатып алулар бәсекесіз жүргізіліп, бағалар негізсіз өсірілген. Кей жұмыстар орындалмаса да, жалған актілер арқылы қаржы аударылған. Осылайша бюджет қаражаты қолды болған. Бұдан бөлек, 327 млн теңге субсидия заңсыз рәсімделіп, оның басым бөлігі қолма-қол ақшаға айналдырылған. Күдікті қамауға алынды. Құны 1 миллард теңгеден асатын жер телімдері бұғатталды.
Ернар Тайжан, ҚР ҚМА ресми өкілі:
- Қылмыстық іс сотқа жолданды. Еске салсақ, аталған факт бойынша қордың бұрынғы басқарушы директоры М.К. Искаков пен «Green Mart Kazakhstan» ЖШС-нің басшысы Р.Б. Сазынбек 4 автокөлік тәркілеумен бірге 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталған.