Каспий жағасында 200-ге жуық өлі итбалық табылды

  • 11
  • 17.04.2026, 21:32

Маңғыстау облысында Каспийдің жағасынан 200-ге жуық итбалық табылды. Балық инспекторлары теңіз сүтқоректілерінің өлексесін Түпқараған ауданы жағажайын бақылау кезінде көрген. Өлі итбалықтар жағалау бойындағы 20 шақырым жерден табылып отыр.

Қазір оқиға орнында экологтар, гидробиология және биология институының өкілдері тексеру жүргізіп жатыр. Мамандар теңіз суы мен кейбір итбалықтың ағзасынан сынама алған. Олардың нәтижесі алдағы уақытта белгілі болады. Алдын ала болжам бойынша итбалықтар бір ай бұрын ашық теңізде қырылған, оларды күшті жел құрлыққа шығарып тастауы ықтимал.