Қазақстанға 10 жылдан астам іздеуде жүрген аса ірі алаяқтық ісі бойынша күдікті Германиядан экстрадицияланды.
Тергеу деректеріне қарағанда, ол 2014 жылы алдын ала келісіммен әрекет етіп, компьютерлік техника жеткіземін деген сылтаумен кәсіпкерден 1 миллион АҚШ долларын алдап алған. Қылмыстан кейін жасырынып, халықаралық іздеуге жарияланған. 2025 жылдың қыркүйегінде Германияда ұсталып, Бас прокуратураның сұрауы бойынша Қазақстанға берілді. Қазір күдікті тергеу изоляторына қамалды. Оған тағылған айып бойынша мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.