Петропавлда ірі көлемдегі бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша тергеу жүріп жатыр. 2023 жылдың тамызында қалада автожол өтпежолын салуға 5,4 миллиард теңге бөлінген. Алайда мердігер ұйым жұмысты жүйелі түрде кешіктіріп, орындалмаған көлемді орындалды деп көрсеткен.
Иергеу мәліметінше, жалған актілер лауазымды тұлғалардың келісімімен рәсімделген. Соның нәтижесінде компания шотына негізсіз қаржы аударылған. Мемлекетке келген шығын 2 миллиард теңгеден асады. Тергеу жалғасып жатыр.
Ернар Тайжан, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі:
- Петропавл қаласы әкімдігінің «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» КММ мен «БУКА» ЖШС арасында келісімшарт жасалған. Шартты орындау барысында мердігер ұйым тарапынан жұмыс кестесінен жүйелі түрде кешігуге жол берілген. Соттың санкциясымен жалпы құны 270 млн теңгеден асатын 24 автокөлік пен арнайы техникаға тыйым салынды. Күдіктіге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.