Теміртауда шайыр өңдейтін цех өртенді

  • 12
  • 20.04.2026, 21:36

Теміртау қаласында шайыр өңдеу цехында өрт шықты. Өртсөндірушілер келген кезде шайыр, антрацен мен нафталин майы мен олардың шөгінділері  жанып жатқан. Оқиға орнында жедел штаб құрылды. Жалынды сөндіруге су қысымы жоғары оқпандар пайдаланылып, автосаты арқылы көбік шашылған. Соның арқасында тілсіз жаудың таралуына жол бермей, жарылыс қаупінің алдын алды. Өрт 45 шаршы метр аумақты шарпыған. Зардап шеккендер жоқ. 

Құрмет Жұмекенов, ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының орынбасары:

- Шайыр өзі жанған кезде қап-қара түтін болып көрінеді ғой. Сондықтан да халық арасында бір қорқыныш тудыратындай көрініс болды деуге болады. Біздің мемлекеттік өрт сөндіру бөлімінен 19 қызметкер және 5 техника жұмылдырылған болатын. Оған қоса Qarmet акционерлік қоғамы аумағында екі өрт сөндіру бөлімі бар. Олардан да 19 жеке құрам және 6 техника жұмылдырылды.