Ішкі істер министрлігі «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында шалғай ауылдардың бірінде синтетика өндірісін ұйымдастырған екі күдіктіні құрықтады. Тінту кезінде заңсыз айналымнан 70 келі дайын өнім мен төрт тоннаға жуық химиялық реагенттер тәркіленді. Тергеу мәліметінше, қылмыстық сауда интернеттің көлеңкелі сегменті арқылы басқарылып келген. Полицейлердің жедел әрекетінің арқасында нарыққа 250 мың дозаның таралуына жол берілмеді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Елдар Әбдікенов, ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары:
- Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-1-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Есірткі өндірісін ұйымдастырушыларға өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасады.