Қаржылық мониторинг агенттігі есірткі сату қылмысына қатысы бар криптоәмиянды бұғаттап, 3,2 млн долларды тәркіледі. Бұған дейін ТМД кеңістігіндегі ірі көлеңкелі криптосервистердің бірі цифрлық активтер арқылы қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырумен айналысқан топ жойылған. Аталған криптоалмастырғыш арқылы Қазақстан, Ресей, Украина және Молдова аумағында әрекет еткен 200-ден астам есірткі интернет-дүкендерінің транзакциялары өткен. Платформаның жалпы айналымы 224 млн АҚШ долларынан асқан. Ірі көлемдегі есірткі жеткізілімдері тоқтатылып, бірқатар есірткі интернет-дүкендерінің қызметі тоқтатылды.
Ернар Тайжан, ҚР ҚМА ресми өкілі:
- Криптотергеу нәтижесінде жалпы сомасы 9,7 млн доллардан асатын цифрлық активтер бұғатталды. Қазіргі кезеңде анықталған қаражаттың бір бөлігі 3,2 млн доллар тәркіленді. Олардың қылмыстық жолмен алынғаны дәлелденіп, қаражат агенттіктің арнайы шотына аударылды. Нәтижесінде азаматтардың денсаулығына қауіп төндірген арна жолы кесілді.